Шәкәрім Құдайбердіұлы!!!


Дата: 18.12.2020 11:09:23 Просмотров: 142828 Длительность: 19:53
Поделиться:

Категории: Люди и блоги
Шәкәрім Құдайбердіұлы!!! фото

Құдайбердіұлы Шәкәрім

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) - Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген. Қазақ ақыны, ойшыл, композитор, аудармашы.

Әкесінен жастай жетім қалып, немере ағасы Абай Құнанбаевтың қолында тәрбиеленді. Бұл жағдай Шәкәрім Құдайбердіұлының дүниеге көзқарасының қалыптасуына, ақындық шеберлігінің шыңдалуына зор әсер етті. Орыс, парсы, түрік тілдерін жетік меңгеріп, Батыс, Шығыс әдебиетін зерек білді.

Жеті жасынан бастап өлең жазып, өмірінің ақырына дейін ағартушылық бағыт ұстады.

Абайдың жаңашылдық дәстүрін дамытып, Абайдан кейінгі екінші реалист ақын атанды. Ақынның шығармашылығ сан-салалылығымен ерекшеленді, оған көңілдің шат-шадыман әуені де, көкіректі қарс айырған трагизм де тән. Ақын нақты өмір суреттерін, туған табиғаттың әсемдігін тебірене жырлады. 19 ғ. - дың аяғы мен 20 ғ.-дың басындағы қазақ өміріндегі оқиғаларға, құбылыстарға қызу үн қосты. "Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық!" (1877) өлеңінде талапты жастарды ұлы Абайдан үлгі-өнеге алуға, содан үйренуге шақырса, "Жастық туралы", "Кәрілік туралы" (1879) өлеңдері Абай үлгісінде жазылып, адамның өмір жасын жыр етеді. "Өмір", "Сәнқойлар", "Ызақорлар", "Құмарлық", сияқты дидактикалық өлең-жырларында боямалы ажарды, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады.

Ғашықтық сезім таза, пәк жүректен маздайтынын айта келіп, ("Анық асық әулие", "Шын сырым") адамгершілік ақ жолға, өнер-білімге үндейді. "Жастарға" (1880), "Арман", "Насихат" (1881) атты өлеңдерінде әртүрлі тап пен топ өкілдерінің ниет, мақсаттарын шеней келе, қоғамда әлі моральдық өлшемнің дұрыс қойылмағанын сөз етеді. Шәкәрім - қазақ поэзиясында оның философиялық саласын дамытқан ақын. Бірақ кейбір өлеңдерінде ("Бай мен кедей", "Бай мен қонақ") мәселенің әлеуметтік мәнін ашуға бара бермейді. Үстем таптың озбырлығын, қиянатын айтумен шектеліп, "еңбек ет, бөтенді қанама, ісіңе арың басшы болсын" деп уағыздайды. "Жуандар" деген өлеңінде байларды сынайды, бірақ таптық көзқарасты санасына терең сіңіре алмай, ағартушылық көзқараста қалып қояды.

Написать комментарий




Комментарии

Ernur Bayahmetov
09.12.2020 08:44:38
????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????
Болатбек Бейсембаев
14.03.2020 16:49:30
Аллам Шакарим бабамызды казагымнын мандайына берген улкен казынасы еди ширкин тусинген адам осы казынадан билим алар еди....
нұржан бабаханов
07.01.2017 15:44:36
Тілдегі сөз жан қалауы,Ажыратсан ақ-қараны.Неге ынтықсан сол арманың,Аласұрмақ зар талабы. Бабаханов. Н. С .
Ана тілім арым!
22.09.2018 17:32:30
Шәкәрім сүннетті берік ұстанған. Оны Яссауимен қатар қойуға болмайды.
Нурбол Абдикадиров
02.02.2019 08:13:44
Суннетти мыкты устанган киси болган
Mereke Töre
03.06.2017 23:29:11
Адамдық борышың - халқыңа еңбек қыл! Мәне нағыз ұран
Merei Askarova
10.10.2018 14:54:00
Шəкəрім құдайбердіұлы
Бауыржан Тоғызбай
22.01.2019 20:58:20
Шәкәрім мұсылманшылықтан бас тартқан.Үш анық деген кітабын оқыңдар.
Нұржан Бабахан
19.06.2016 16:55:30
Ағайын сіздерге өтініш менің осы екі өлеңіме талдау жасап мазмұнын өзіме жазып жіберсеңіздер.Көңіл киіп кейіпті,Ісін қылар сүйікті.Бүгін суып өр болса,Кеше ынтығып күйіпті. 17.06.2016ж.Жаныңнын қалағанын жыр етесін,Сенімнің байызымен күнелтесін.Көңілдің түйгенімен іс талқылап,Өзінмен кескіндесін құн етесін. 16.06.2016ж.Бабаханов Нұржан Спанұлы.
ʜɢ•ʀᴇᴍ
04.12.2020 09:45:39
235 мектеб☝????????
Лаура Н
13.10.2020 13:44:55
????????????☹????????????
Еще по теме
© 2019video.ru