Абайдың 9 ҚАРА сөзін талдау


Дата: 18.12.2020 11:09:37 Просмотров: 98983 Длительность: 02:52
Поделиться:

Категории: Люди и блоги
Абайдың 9 ҚАРА сөзін талдау фото

«Қара сөз» дегеннің мағынасын белгілі ғалым жəне саясаткер Ғ. Есім: «...Абай ойына келген нəрселерін еркін айту үшін, өзі арнайы жанр ойлап тапқан. Ол — сөз жанры. Ақынның қара сөздері — нағыз еркін ойдың жанры. Мұнда ешқандай бір дəстүрге, тəсілге бағынушылық жоқ. Ой еркін айтылған, мазмұн өзіне лайықты форма тапқан. Көптеген философтар ойларын формаға бағындырып немесе жүйе құрып əуре болғанын білеміз. Абай болса, ондай істермен айналыспаған, өзінің айтқысы келген ойларын еркін білдірген. 

Қазақ тұрмысында өлім туралы өшпес ойлар қалдыру дəстүрі болған. Сондықтан да Абай: «Бұ да жақсы, өлер кезде «əттеген-ай, сондай, сондай қызықтарым қалды-ау!» деп қайғылы болмай, алдыңғы тілеу болмаса, артқа алаң болмай өлуге» [2; 142], — дейді.

Сонда өлімнің қайғысыз болуы, ол оның мəніне жеткендік емес пе? Бұл мəселенің бір қыры. Екінші қыры — өлімнің қайғысыз болуы өмірдің мəнсіздігін, өткінші екендігін де мойындау емес пе? Бұл сұрақтарға жауапты адамзат баласы əрқашанда қойып келеді. Нақтылы жауап жоқ, себебі — өмір мен өлім мəнін адам баласы ешқашан шешпек емес. Бұл табиғат құпиясы. Оны адамның мойындауынан өзге еш лажы жоқ. Абай қысқа тоғызыншы сөзінде осы бағытта ой өрбіткен.

#абай#қарасөз#тоғыз#талдау#9қарасөз#құнанбаев#абайға175жыл

Написать комментарий




Комментарии

Никто ещё не оставил комментариев, станьте первым.
Еще по теме
© 2019video.ru