Абайдың қара сөздері. Он сегізінші сөз (1893) ● Аудиокітап ●


Дата: 18.12.2020 11:09:28 Просмотров: 108516 Длительность: 01:47
Поделиться:

Категории: Познавательное
Абайдың қара сөздері. Он сегізінші сөз (1893) ● Аудиокітап ● фото

Абайдың қара сөздері. Он сегізінші сөз (1893) ● Аудиокітап ●

ОН СЕГІЗІНШІ СӨЗ

Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек - дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ - кербездің ісі.

Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі бет-пішінін, мұртын, мүшесін, жүрісін, қас-қабағын қолдан түзетіп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ. Біреуі атын, киімін «айран ішерім» деп, солардың арқасында сыпайы, жұғымды жігіт атанбаққа, өзінен ілгерілерге елеулі болып, өзі қатардағының ішін күйдіріп, өзінен кейіншілерге «әттең, дүние-ай, осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар екен?!» - дейтұғын болмаққа ойланбақ.

Мұның бәрі - масқаралық, ақымақтық. Мұны адам бір ойламасын, егерде бір ойласа, қайта адам болмағы - қиын іс. Кербез дегенді осындай кер, кердең немеден безіңдер деген сөзге ұқсатамын. Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық.

Абай Кунанбаев

Абай Құнанбаев

Абайдын кара создери

Написать комментарий




Комментарии

Beknur Beknur
21.02.2018 22:29:21
Керемет айтылған!Абай атамыз бұл сөздерді бостан-босқа жазып қалдырған жоқ!Абай ата өз ұрпақтарына сеніп бізді оқып, ғибрат алсын деді!Сол үшін Абай атамыздың еңбегін бағалай білейік ағайындар!
Нуралы Бейсенов
17.02.2020 18:05:30
Қара сөздерді тартып алу керек қой
Samsung Samsung
26.02.2020 08:00:50
Дурыс айтады керемет тамаша бул созди абай атамыз бекер айтып жаткан жок ..
AIGERIM KUDAIBERGEN
25.02.2018 13:40:08
ТАМАША
Гулнур Ахметова
26.02.2019 19:00:04
Не понела
Dh Hcd
27.02.2020 20:04:55
Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек - дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ - кербездің ісі.Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі бет-пішінін, мұртын, мүшесін, жүрісін, қас-қабағын қолдан түзетіп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ. Біреуі атын, киімін «айран ішерім» деп, солардың арқасында сыпайы, жұғымды жігіт атанбаққа, өзінен ілгерілерге елеулі болып, өзі қатардағының ішін күйдіріп, өзінен кейіншілерге «әттең, дүние-ай, осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар екен?!» - дейтұғын болмаққа ойланбақ.Мұның бәрі - масқаралық, ақымақтық. Мұны адам бір ойламасын, егерде бір ойласа, қайта адам болмағы - қиын іс. Кербез дегенді осындай кер, кердең немеден безіңдер деген сөзге ұқсатамын. Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық.
Jansaya Serikbay
16.12.2019 18:23:08
Менин ойымша бул созде " дуниеконыз болмандар " кайта билимге гылымга умтылындар. Малмен , байлыкпен емес гылым билиммен алда болган дурыс деп айтылган секилди
Dauren Dukenbaev
28.02.2019 16:59:35
Керемет
Айдана Мырзабекова
19.02.2018 16:00:11
Ооои оте моте куштго
Dh Hcd
27.02.2020 20:22:08
Осындай манерлеп окуды кайдан уйренгенсыз?
Ляззат Самалбек
14.10.2019 20:09:30
100мын потписатсиага жет
Dinara Ergan
08.02.2018 07:43:22
Оте күшті
Салтанат Нурпазыл
25.08.2020 13:34:06
фондагы музыка калай аталады?
Adema Nurlankyzy
04.11.2019 21:52:30
Манерлеп айтылган, дурыс ,кушти
Mister miko
22.02.2018 18:12:55
Тек алға өте əсерлі
Ляззат Самалбек
14.10.2019 20:07:30
Абай Құнанбаев ақылды
GAME Play
12.02.2020 18:16:01
It is a good idea to dress humanly without tearing down, dirty, or polite, and not tearing down or grimacing his clothes. Lakin wants to dress more than he is good or not, but to make him feel energized and overly transformed, this is an elegant thing.  There are two types of elegance: one can manually adjust the shape of the face, nose, limbs, gait, eyebrows, raise elbows, and spread arms. Someone called his name, his clothes, "thanks to", because he was a polite and affectionate guy who was serious about his progress, burned himself out of the ranks, and asked himself later, "Oh, the world, what is it like to ride a horse in such a name and dress in clothes?" ! "  All this is shame and folly. Don't think about it, if you think about it, then being human is a difficult task. The word "elegance" is similar to the word "kerde". In fact, mankind outstrips mankind with intelligence, science, honor and behavior. I was ahead of everything else, and all of this was stupid
Mister miko
22.02.2018 18:12:25
2мыңға жет
Еще по теме
© 2019video.ru