Абайдың қара сөздері. Екінші сөз (1890) ● Аудиокітап ●


Дата: 18.12.2020 11:09:29 Просмотров: 223789 Длительность: 03:35
Поделиться:

Категории: Познавательное
Абайдың қара сөздері. Екінші сөз (1890) ● Аудиокітап ● фото

Абайдың қара сөздері. Екінші сөз

Абай Кунанбаев

Абай Құнанбаев

Абайдын кара создери

ЕКІНШІ СӨЗ

Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді «енеңді ұрайын, кең қолтық, шүлдіреген тәжік, Арқадан үй төбесіне саламын деп, қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде «әке-үке» десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, «сарт-сұрт деген осы» деп. Ноғайды көрсе, оны да боқтап күлуші еді: «түйеден қорыққан ноғай, атқа мінсе - шаршап, жаяу жүрсе - демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңші, түкке ыңғайы келмейді, солдат ноғай, қашқын ноғай, башалшік ноғай» деп. Орысқа да күлуші еді: «ауылды көрсе шапқан, жаман сасыр бас орыс» деп.

Орыс ойына келгенін қылады деген... не айтса соған нанады, «ұзын құлақты тауып бер депті» деп.

Сонда мен ойлаушы едім: ей, құдай-ай, бізден басқа халықтың бәрі антұрған, жаман келеді екен, ең тәуір халық біз екенбіз деп, әлгі айтылмыш сөздерді бір үлкен қызық көріп, қуанып күлуші едім.

Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, шығармаған жемісі жоқ, інің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ. Өзіменен өзі әуре болып, біріменен бірі ешбір шаһары жауласпайды! Орысқа қарамай тұрғанда қазақтың өлісінің ахиреттігін, тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды. Әке балаға қимайтұғын малыңды кірелеп сол айдап кетіп тұрды ғой. Орысқа қараған соң да, орыстың өнерлерін бізден олар көп үйреніп кетті. Үлкен байлар да, үлкен молдалар да, ептілік, қырмызылық, сыпайылық - бәрі соларда. Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке де шыдайды, қазаға да шыдайды, молда, медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды. Еңбек қылып, мал табудың да жөнін солар біледі, салтанат, әсем де соларда. Оның малдыларына, құзғын тамағымыз үшін, біріміз жалшы, біріміз қош алушымыз. Біздің ең байымызды: «сәнің шақшы аяғың білән пышыратырға қойған идән түгіл, шық, сасық казақ», - деп үйінен қуып шығарады. Оның бәрі - бірін-бірі қуып қор болмай, шаруа қуып, өнер тауып, мал тауып, зор болғандық әсері. Орысқа айтар сөз де жоқ, біз құлы, күңі құрлы да жоқпыз. Бағанағы мақтан, бағанағы қуанған, күлген сөздеріміз қайда?

Написать комментарий




Комментарии

Гулдана Жапарова
08.02.2018 14:56:37
????
aybeQ Beken
23.04.2019 17:35:47
Ноқай деп нені деді екен
Таншолпан Колдас
23.02.2020 06:05:21
????????????????????????
Мадина Бақтыгерей
13.01.2020 17:49:26
Недеген керемет сөз
Диас Альменбаев
28.05.2018 13:12:30
Вот вот агайын берите с других наций лучшее и тогда лучшая нация будем мы!
Зарина Алимова
20.05.2020 17:00:14
Карантинде тыңдап отырмын жұмыс жасап жүргенде қол тимейтін еді видео қарауға енді уақыт тауып тыңдаймын жақсы Абай атамызға рахмет
Joni Aymurat
10.08.2020 15:46:15
Атанын создерине калайша дизлайк басуга болат
ДИН ДОН
04.12.2019 21:37:11
Abaı atamyz eń jaqsy aqyn ol sııaqty eshkim kitap, óleń, óara sóz jazbaǵan
Akimzhan Agmentayev
07.02.2020 16:06:46
Мәнерлегені өте күшті,Абай атамыз сияқты ешкім де мәнерлей алмайды ғой
Биназира Нурлыбековна
19.10.2018 17:40:45
Керемет кушти окиды екен????????
Gionee Gionee
15.08.2019 05:56:29
????????????????
Diana Kudaibergen
28.02.2020 17:07:03
Маған қатты ұнады????????????????????????????????????????
Жанна Сайлаубекова
25.09.2020 12:24:20
Енең драйн ????????????????????????????????
гаухар имамбаева
29.07.2019 10:58:29
сөз деген не зат
Назгуль Толеуова
20.01.2019 10:09:28
Абай ата дала данасынын бири
Асыл Даулетбаев
22.12.2019 17:46:43
????????????????????????????????????????????????????????????????????
boy boy
31.08.2019 09:57:13
????????????
Бектай Омиртай
10.08.2018 20:12:15
Казак канша надан, сауатсыз, стереотипти болса да, дінін берік ұстап, салтын, дəстүрін, өнерін қаншама ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа аман есен жеткізіп отырған. Ұлтты ұлт қылатын сол. Өзіндік жоғарыда айтылған ерекшеліктері жоқ ұлттар қазір жойылу үстінде. Ендігі кезде біз, жастар, ата бабамыздан қалған ұлт ерекшеліктерін дəріптемесек қазақ атымыз өшеді. Өзге ұлттан көргенін істей берсе, қазақ қазақ болмай қалады.
Qwerty Asdf
26.02.2019 21:27:25
Шынымен осындаймыз
БАХА ЮТУБ
15.01.2020 17:15:00
Оте күшті ????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????
vair ava
08.10.2016 07:15:52
????
Рики Тики
16.05.2020 22:46:49
Абай - олуг, бик зур азамат кыши, рухы шад булсын, урын аль -джаннята булсын . Татарлардан мун рахмэт.
Медина Гани
08.01.2018 08:44:50
қандаи күшті
Асылай Хайратова
20.02.2019 22:05:02
????????
Ермек Масимхан
31.03.2018 13:05:27
керемет????????????
Жанар Катенова
15.11.2020 07:35:48
????????????????????????????????????
қазақ жеры қазақстан
04.03.2018 15:47:16
абай ақылдының ақылдысы !
Айнур Тилекова
05.02.2020 20:35:56
Оте керемет
zhumbakElo
30.11.2016 09:39:31
????????????
Nazar Alimov
26.09.2018 19:57:45
Ноғай деп қазіргі татарларды айтқан ғой Ұлы Абай !
Рыскен Жаманова
17.08.2020 18:05:02
Абайды окымаган казак,Казак емес
Kenzhe Nurush
14.07.2019 20:19:45
Keremet sözder!!Şindık aşşı boladı!!????????????
Munash Nurhaydar
28.05.2016 11:55:28
????????????
Айкен Сатанбаева
30.04.2017 14:13:22
керемет
Nurhanim_05 B
30.03.2020 17:21:28
Тындай бергин келеди????
Den4ik_Football
11.11.2018 12:21:52
Бул кара созинин магынасы кандай
Dauren Jusipov
01.10.2018 17:22:28
кушти екен
The Adelina
26.02.2018 14:14:19
Абай атамызға кім жетсін
Куаныш Шымкент
08.12.2018 20:57:48
????????????
Абилхайыр Алибек
24.10.2018 18:39:48
Рахмет бұл арнаға
Медина Ғалымжанқызы
14.03.2020 12:31:14
Я дұрыс айтасың ғой оның тапақтары көп маған оның таппақтары қатты ұнайды
қазақ жеры қазақстан
04.03.2018 15:47:17
абай ақылдының ақылдысы !
Ерлан Иігенбай
21.03.2020 06:09:55
Абайды мактап қана қойып, құтылып кетуде емес. Абайдың әр сөзінің төркінін ұғуда мәселе. Жақсы өмірді армандаймыз, ал істеріміз ол арманға сәйкес келмей жатыр. Неге? Абай айтады Қайғыларың ақша табу, оныңда жөнін білмейсің, кімді алдап, кімді қорқытып, кімнен жалынып алсам деумен өткізесің фәниді дейді. Абай адамтанушы болғандықтан, үшке бөліп қараған бізді 1Нағыз адам.2 Адам.3 хайуан. деп.???? жалгасы бар шын ізденгенге.!
Анар Айтбай
09.12.2020 17:19:10
Маган мағнасын жазп жіберінші керек пжПжПжПюПжПжПж
Murat Asanov
12.09.2019 20:43:38
мен бас жагына косыламын барин жамандап озимиз улыктаган дурыс дым билмесекте
vlogi karini
01.03.2017 16:40:52
супер
Sarina Baishltanova
12.08.2020 19:37:42
оте жаксы
Гулдана Жапарова
08.02.2018 14:53:07
Зың
Еще по теме
© 2019video.ru