Абайдың қара сөздері. Бірінші сөз (1890) ● Аудиокітап ●


Дата: 18.12.2020 11:09:31 Просмотров: 432826 Длительность: 03:30
Поделиться:

Категории: Познавательное
Абайдың қара сөздері. Бірінші сөз (1890) ● Аудиокітап ● фото

Абайдың қара сөздері. Бірінші сөз

Абай Кунанбаев

Абай Құнанбаев

Абайдын кара создери

Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.

Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!

Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.

Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі - бір тез қартайтатұғын күйік.

Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық?

Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпенен керерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым.

Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.

Написать комментарий




Комментарии

Акжаркын Абдикарим
23.02.2020 20:43:38
Абай атамызға мын биір рахымет
Аяулым Сейлхан
02.12.2020 06:01:35
Оте жаксы тусындырылым
naz naz
10.12.2020 11:58:54
Керемет????????????Менің арғы атам ғой
Sarina Baishltanova
12.08.2020 19:33:41
абай кунанбаи ол о оте жаксы
Естай Гүлнұр
28.04.2020 11:07:00
Күшті
Almas Bolatgaliulu
02.09.2020 05:38:15
Бұндай проблемалар әр ұлтта болады. Европалықтар болса олар заңменен сынап дискриминация ретінде заңмен тергеуші еді. Ал біздің ерекшелігіміз әліде өзімізді сынап және критикаға ұшыратып комплексқа айналдырып жүрміз. Біз Абайдың қара сөздерін дұрыс қабылдай алмай жүрміз.СССР кезінде орыстар бізге Абай атамызды не үшін қалдырды?! Осы Қара сөздері үшін, мүмкінде бір жердерінде өзгерткендері бар шығар... Бір Алла біледі. Қазақтар осы сөздерді дұрыс қабылдамай өздерің кемсітіп, мәнгүртке айналдырған. Ол үлкен Нквд ның саясаты болған. Сондықтан бізге қазір жаңа талдаушы керек. Керісінше қара сөздерін бізге жаңға баттырып Рухымызды көтеретіндей талдаушы керек..
Дидар Жазыков
09.12.2020 08:33:30
Неткен терең ойлы
Ердос Елікулы
29.10.2020 11:39:58
Мадес
Айжұлдыз Сугурова
07.07.2020 09:12:23
Күшті жазған
ツAnuMi
03.12.2020 14:02:48
Гулсезым Жансая Меруерт бул мен Ануар
Орынбасар Азат
03.12.2020 12:08:26
Ойбай
Аяулым Амирова
31.10.2020 13:10:31
Күй аты қандай
Aiaru Doskhan
20.02.2020 07:26:00
Абай атамыз керемет
Qwe Asd
08.12.2020 19:32:55
Осы айтылып жатқан сөздердің музыкасын аудиосын қалай тапсам болады
Камила Аманжолова
28.07.2020 10:27:59
Класс
B_A_Y_E_L QLS
07.12.2020 12:18:08
Керемет соз жок????????????????????????????????????
Жадыра Жалдербаева
27.01.2020 18:13:22
????????????????????????
Акмаль Кенжеев
25.02.2020 17:38:42
Адамды жылатады
Гульнара Акажанова
02.11.2020 14:22:40
Өте кушті жазған
Zhandaulet Kosherbek
10.12.2020 11:20:10
Осы 1 інші сөзге ат керек пж көмектесіңдерш
Жанат Тажибаева
16.09.2020 08:36:57
????
Her Majesty AMINA
02.03.2020 16:18:10
2020 Ұлы Абай атамыз????
STAR PENNY
03.12.2020 14:02:04
Абай атамызга мыныда быр рахмет
Alibi Kazhenov
28.05.2020 08:30:01
Озвучка онша емес
Зарина Алимова
19.05.2020 19:57:15
Өте керемет қандай ой жатыр сөздің мағынасында ????????????♥♥♥????????????
Dastn Kaliev
18.03.2020 18:54:35
Мен 12 демін жастар көп тыңдаиберснМыиына фф дан басқа бірнәрсе кіреді
Данияр Ахметов
12.07.2020 09:03:39
Магыналы
Нурболат Даулбаев
11.03.2020 21:28:23
Басында косылган олен кандай отыныш
Ыкылас Рамазан
09.02.2020 10:24:24
????????????
KRAKE 1
27.07.2020 15:17:07
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі - бір тез қартайтатұғын күйік.Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық?Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпенен керерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым.Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.1890
Dias Sailau
03.12.2020 17:46:48
Күшті????????
PaNdA StAr
10.12.2020 11:47:49
Күшттііі
Ольга Рашитовна
23.04.2020 09:36:54
Ия
Нурлан Абдиразаков
07.04.2020 08:09:33
Абайдың өлеңдері мен қара сөздері өте оңай жатталады. Әсіресе " Ғылым таппай мақтанба" оны бәрі білетін шығар
Еще по теме
© 2019video.ru