Абайдың қара сөздері. Жетінші сөз (1891) ● Аудиокітап ●


Дата: 18.12.2020 11:09:33 Просмотров: 188374 Длительность: 04:26
Поделиться:

Категории: Познавательное
Абайдың қара сөздері. Жетінші сөз (1891) ● Аудиокітап ● фото

Абайдың қара сөздері. Жетінші сөз (1891) ● Аудиокітап ●

Абай Кунанбаев

Абай Құнанбаев

Абайдын кара создери

ЖЕТІНШІ СӨЗ

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.

Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі «бұл немене, ол немене?» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екеміз?

Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді. Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. Жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен де жақсы қарамадық, көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу кеткенін айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: «Ой, тәңірі-ай, кімнен кім артық дейсің!» - дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз.

Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта, бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып кетеміз.

Написать комментарий




Комментарии

Айганым Омар
10.12.2020 10:09:59
????????
Aruzhan
15.12.2020 15:33:02
????????????
Багжан Смажан
09.12.2020 12:14:14
Эааххахахахп
Ayazhan Zhumabek
08.12.2020 16:08:50
ДУРЫС АЙТАДЫ
Гайниза Нетеева
15.05.2019 11:44:30
Керемет оқисыз жетесыне жеткізіп нағыз Абайдың өзі окып тургандай. Осы санамызга жетсе гой)))
Erke Kanatkyzyптаьр
12.11.2020 08:10:29
Күшттііііі
Urziya Kalikulov
15.12.2020 11:09:47
Өте керемет, мағаналы
Nurislam Rustembek
15.12.2020 12:31:51
Абай атамыз жақсы айтты
Izi Izi komon
24.07.2019 13:19:41
Осы бабамыздаи акындар казир болганда жастар окымысты болар еди ягни биз бос омир баилык
Руслан Урашев
02.04.2020 19:14:40
Абай ата дұрыс айтады
Ainur Kinayatova
27.01.2020 12:23:46
Музыкасы қалай аталады?
Талгат Бибатыров
26.12.2019 19:50:37
Кəзіргі қарияларымыз жас қыздың бұрын алдыр арызы арақ сасып езінде аспай сөзі лас балағат бреуді кемісін жеткізіп дүнүйесіне мақтаншақ.
Abylaihan
27.11.2019 18:10:59
Ойнап жаткан куй дын аты кандай?
Midari_
08.10.2019 20:50:17
1:29 Маган бастауыш апталыгына керек????????????????Маган сатиилик аумин!!!
Мистер бин прикол
23.12.2019 08:22:03
Абайдың қара сөздері өте жақсы
Altynbek Serikov
15.12.2020 12:20:42
Йя
PUBG ЖАҚСИЛИК АИХАН
07.04.2019 21:20:02
Ееее... аман болаиық казағымыз
Бериван Саркытбаева
04.12.2019 19:50:08
Бари дурыс
Beka 009
11.12.2020 11:37:18
????
Салтанат Кабланбекова
26.01.2017 17:08:04
Абай атамыз бізге мұра етіп калдырғаны : ақша , үй , алтын - күміс , мал - мүлік емес . Артына мұра етіп қалдырғаны ҚАРАСӨЗДЕРІ
Аватария тв sabaka
02.12.2016 09:55:44
абай ата
Умиткуль Уакпаева
15.06.2020 11:23:45
Санамыз ға құйып тұрып,оқып шыққан танымал актер ға үлкен алғыс.Хакім Абай -психолог.2010ж.Өнер баспасынан осы Қара сөздерін сатып алдым бірнеше данасын.Туған күндері не сыйлаймын.Тойларда осы Қара сөздерін ен үзінді айтамын.Шулап отырғандар тына қалып тыңдайды .Телефонға көшірмесін алдым
Ansar Gabit
11.12.2020 13:02:38
????
Ерлан Иігенбай
22.03.2020 05:31:13
Абайда, қара сөзіде, өлеңі де барі жақсы. Бірақ мен әлі жаманмын, неге? айтыңыздаршы ақылдарыңызды.
Алтын Исабеков
15.12.2020 12:00:59
Мыкты
KOSHMAR YT
10.12.2020 13:10:13
ДУРЫС АЙТАДЫ
Алтн Алтн
11.12.2020 08:37:09
Абаи ата сіздерге мұра калдырмаиды өз балаларына қалдырады
Aktolkin Abilova
03.08.2018 14:15:58
масқара. бұл сөзді түсінбеу масқара. Рухани азық. яғни білімге құмарту. бұны рухани азық дейді. рухани аш арық адам санасы кемдер. санасы кем адамдар рухани азық іздемейді. "есті кісі есті сөзді ескере жүрер" Абай. яғни тек есті кісі ғана есті сөзді ескере алады ақымақ адам есті сөздің мағынасын да ұқпайды. сондықтан қызықпайды рухани азық іздемейді ақымақ адамдар
Altynbek Serikov
15.12.2020 12:20:52
Өте друс
Магжан Усенулы
17.02.2019 18:29:19
????
Bolatbek Madenov
30.01.2020 06:16:34
мұның изи неге жок
Ulagat Altay
15.12.2020 10:45:56
Күшті екен көп білім алдық
Zhibek Aktleuova
16.07.2019 18:00:34
,, А, кудай малдан жарлы кылсан жарлы кыл , акылдан жарлы кыла корме,,- анам коп айтатын.
Айын Жанабекқызы
10.12.2020 11:59:29
????
жаксылык Нусипалинов
27.03.2020 21:09:41
ъттиилтилтлтильидодолбтюобьобтюлобшолщолщшодооллрбооооололлольооооорролоооооооллглрпгррпрорпнгоппнгоипроолллрролщд
Fatima Nietova
18.12.2018 20:15:29
Маган Абай Кунанбаев унайды
Аноним Аноним
23.08.2017 07:28:56
Баска кара соз окитын адам жокпа.Кара созди оз сози кусап калай солай тусиниксиз тусиндирмей окып шыкты.Адам оз даусымен окыса екен манерне к1рем1н деп созди кара Созд1 кулакка жагымсыз жетк1зди.Куды бир ишиндегии куаныш сезимен жеткизгендей.Дурыс окымадыныз кешириниз.
Бақытты Ана
17.07.2019 10:05:58
Абай Құнанбаевтың жеті қара сөзіЖас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі «бұл немене, ол немене?» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екеміз?Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді. Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. Жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен де жақсы қарамадық, көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу кеткенін айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: «Ой, тәңірі-ай, кімнен кім артық дейсің!» - дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз.Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта, бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып кетеміз.
алина жумашева
27.01.2017 18:12:25
щф
амонг ас
19.11.2020 12:41:41
Жаман
АИДА Исаева
05.12.2018 19:47:25
Жаксы
Батырбай Жанна
14.12.2020 12:46:35
????????????дурыс????
Bibarys Utepov
26.01.2017 20:56:45
осы қара сөздің мағынасына әлі де түсінбей жүрм ше
KAZAKSHA GAMER
25.02.2020 20:06:31
2:30
Еще по теме
© 2019video.ru