Абайдың қара сөздері. Үшінші сөз (1891) ● Аудиокітап ●


Дата: 18.12.2020 11:09:40 Просмотров: 186327 Длительность: 08:40
Поделиться:

Категории: Познавательное
Абайдың қара сөздері. Үшінші сөз (1891) ● Аудиокітап ● фото

Абайдың қара сөздері. Үшінші сөз (1891) ● Аудиокітап ●

Абай Кунанбаев

Абай Құнанбаев

Абайдын кара создери

ҮШІНШІ СӨЗ

Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынының, рас сөзі аз болатұғынының, қызметке таласқыш болатұғынының, өздерінің жалқау болатұғынының себебі не? Һәмма ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз надан, арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады.

Мұның бәрі төрт аяқты малды көбейтеміннен басқа ойының жоқтығынан, өзге егін, өнер, ғылым - солар секілді нәрселерге салынса, бұлай болмас еді. Әрбір мал іздеген малым көп болса, өзімдікі де, балаларым да малды болса екен дейді. Ол мал көбейсе, малшыларға бақтырмақ, өздері етке, қымызға тойып, сұлуды жайлап, жүйрікті байлап отырмақ. Қыстауы тарлық қылса, арызы жеткендік, сыйы өткендік, байлық қызметінен біреудің қыстауын сатып алмақ, ептеп алмақ, тартып алмақ. Ол қыстауынан айырылған және біреуге тиіспек, я болмаса орынсыздығынан елден кетпек - әр қазақтың ойы осы.

Осылар біріне бірі достық ойлай ала ма? Кедей көп болса, ақысы кем болар еді, малдан айырылғандар көбейсе, қыстауы босар еді деп, мен ананы кедей болса екен деп, ол мені кедей болса екен деп, әуелде ішімізбен қас сағындық. Әрі-беріден соң сыртымызға шықты, жауластық, дауластық, партияластық. Осындай қастарға сөзім өтімді болсын және де ептеп мал жиюға күшім жетімді болсын деп, қызметке болыстық, билікке таластық.

Сонан соң не момынның баласы бөтен жаққа шығып, еңбек қылып, мал іздемейді, егін, ң керегі жоқ болады. Өз басын өзі осындай таласпенен кісі көбейтеміз деп партия жиғандардың бүгін біреуіне, ертең біреуіне кезекпен сатады да жүреді. Ұрылар тыйылмайды. Ел тыныш болса, оның ұрлығын ешкім сүйемес еді. Ел екі жар болған соң, кім ант ішіп ақтап, арамдығын жақтап, сүйеймін десе, соған жақ болып сүйеніп, бұрынғыдан ұрлығын әлденеше есе асырады.

Елдегі жақсы адамдардың бәрінің үстінен бекер, өтірік «шапты, талады» деген әртүрлі уголовный іс көрсетіп, арыз береді. Оған дознание - тергеу шығарады. Өтірік көрмегенін көрдім деуші куәлар да әлдеқашан дайындап қойылған, бағанағы жақсы адам сайлауға жарамасы үшін. Ол адам басын құтқармақ үшін жамандарға жалынса, оның да адамдығының кеткені, егер жалынбаса, тергеулі, сотты адам болып, ешбір қызметке жарамай, басы қатерге түсіп өткені. Ол болыс болғандар өзі қулық, арамдықпенен болыстыққа жеткен соң, момынды қадірлемейді, өзіндей арам, қуларды қадірлейді, өзіме дос болып, жәрдемі тиеді деп, егер қас болса, бір түрлі өзіме де залал жасауға қолынан келеді деп.

Написать комментарий




Комментарии

Гани Таскурманов
08.11.2019 19:13:24
Абайды тыңдап отырып ұрысқандарың тіпті ұят болды ғой..наиманыңда найман емесіңде..қайтіп оңасыңдар..
Ханшайым Пирназарова
16.09.2018 00:31:13
Ей қайран қазағым ай
нұржан бабаханов
19.12.2016 17:12:33
Сүйегім орта жүздің асылынан,Найманның бетке ұстар бас ұлынан.Қожаның қызың алған Төлегетай,Жақұты тектісінің ғасырынан. НАЙМАН1.Төлегетай.2.Қынтай3.Қаркерей.4.Майрам5.Ерторы.6.Байсыйық 7.Қызылым-Қызылқұрт8 .Жанғұлы.9.Тілеуберді.10Құдайберді.11.ЖӘНІБЕК-Бөдес.12.Орыс-МЕДЕТ.13.Атыман.14.Берліқожа.15 .Бабахан 16 .Төлеубек 17 .Спан18.НұржанӨз бабаңды ардақта, өзгелерді құрметте. Хақиқатпен бас қосқам,Одан бөлек емге жоқ.Махаббатпен достасқам,Жаратпас жан менде жоқ. Шәкәрімге. Шәкәрім қожайыны таза ақылдың, Кеңесің ұғындымда мен басылдым. Кіршіксіз еңбек еткен келкшек деп, Өмірде шыбын жандай ең жақыным. Абайға. Өлеңнің ұстасы,Түйіннің нұсқасы.Сөздінің шешені,Уәждің кешені.Ақынның ойлысы,Адамның жайлысы.Ерекше жаралған,Бұл Абай бай кісі. Шындықты шындықтың құлына айт. Нұжан Бабаханов .
boy boy
02.09.2019 08:48:38
????????????????????
Дамира Абдишукирова
15.07.2018 22:11:39
Керемет шындык жылагым келеды окынышты казагым ай
Дильназ Актаева
12.02.2020 15:14:16
Оте крутой соз????????????
Буркит Буркит
23.01.2020 06:27:22
Қазақтың Ұлы Абай ақын атаның өлеңдерінен, қара сөздерінен оқып тыңдап отырғанда ұлы ақынның әрбір сөзінен, әрбір шумағынан біз еңбекеке ерлікке,адалдыққа,елді сұюге,,қазақтың киесі,арымен намысы,жұрегі мен ақылы іспеті екенінҚазақтың маңдайына біткен қазаққа жол көрсетер яғнй болашақ жастарымыздың шам шырағы ,күнің нұрындай сәулелі маржан,дана,баға жетпес көсеміміздің өстетті нақыл сөздерін оқып тоқып алса болашақ мақсаттары,армандары орындалар еді Менің өзім балалатымды тәрбиелеуде Абай Құнанбаев ұлы ақынның қара сөздерін мысалға алып күнде қолданып отырамын,Ұлы ақын Абай атамыздың 175 жыл толуынна байланысты салтананатты мерей тойы Қазақ елінде, жерінде мәнгі жылда тойлана берсін! Құтты болсын,той тойға ұласын!
канат ташбаев
08.03.2020 21:55:20
Кім қазақ ???????????????????????????????? басындар????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????❤❤❤❤❤❤????????????????????????????????????
Талгат Сыдыков
23.12.2019 18:43:43
Маган катты унады бирак орысша создериде баргл
Кымбат Ұаш ұлы
25.09.2020 10:47:56
Кенесары Хан Қайтыс болған нан кейын ба ? жоқ Абылай хан қайтыс болған нан кейін ба ? Қазақтың берекесы кеткен ау !????????
Аида Жолдыбек
15.03.2020 07:21:24
Абаидын барлық сөзі тамаша
JAMBO KZ
10.12.2019 19:10:54
ҚАЗАҚТАРДАН ЕҢ КҮШТІ АҚЫН АБАЙ АТАМЫЗ ДЕП ОЙЛАЙМ БІРАҚ ҚАЗАҚ АҚЫНДАРЫНЫҢ БӘРІ КҮШТІ ҚАЗАҚ ҚАЗАҚТЫ ҚОЛДАМАСА КІМДІ ҚОЛДАЙТ СОНДЫҚТАН ҚАЗАҚ БІР БІРІНЕ МӘДЕНИЕТТІ БОЛУ КЕРЕК БҰЛ МЕНІҢ ОЙЫМ
Diamond Lyrics
14.01.2019 22:11:49
Бұны маған жаттауға берді
Индира Байдельдинова
23.07.2019 05:29:47
Тура болып жатыр гой.К
Rasul Reymbaev
10.12.2020 19:58:53
Казактын мандайга биткен акыны, алтын создер ескирмейтин. Соган карамай просмотор аз. Казактар не корип жатыр, Абайды кормей
Руслан Жумабеков
02.03.2018 22:41:20
21 гасырда али озгермей калдык Бир жерди айналып айналма болдык ау казагым
Хан Болысов
25.08.2018 06:40:09
арада канша уакыт отседе, ешкандай озгерис жок.
ААА ААА
14.04.2018 16:43:17
Текстынын калганы кайда
Нурдаулет Джарылкасинов
02.07.2019 14:27:26
Нуротанскилерге айтылган
Руслан Жумабеков
02.03.2018 22:40:00
Казакты билгин келсе Абайды окындар
Akhat Keresbai
07.12.2020 19:03:49
Абай атамыз акын
Dana Tamyenova
02.05.2020 14:24:35
Бары кушты,но музыка ???? бесит(((
Нурайым Казнабек
26.03.2020 15:26:38
Жаксы айтылган✔️✔️✔️✔️
КТЛга дайындык
01.02.2020 19:10:52
Ээээйййй. Абай атам ай!
сос сос
30.11.2019 20:00:28
Болыс-аким,депутат,шенеулик
Галым Позитив
18.10.2018 15:12:05
мен туралы айтыпты
Айгуль Жанатаева
17.11.2020 11:13:32
Мен Абайдын создерин жатап журмін????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????
Super Girl
20.01.2020 20:09:59
Шылағым келіп тұр, Абай атамыздың, сөздері қатты жүрегімде қалып тұр
Ансарали Идрисов
24.09.2020 14:51:36
Фиииу
Оразгуль Тургинбаева
29.11.2019 20:30:03
Абаи ата мен сізді жақсы көрем
Yermek Adilkhanov
03.03.2020 18:02:50
Өте керемет ????????
Murat Ulybek
01.03.2020 10:21:05
АБАЙДЫН ЕН УЗАК КАРА СОЗЫ КАЙСЫСЫ
Almas Bolatgaliulu
02.09.2020 05:36:36
Бұндай проблемалар әр ұлтта болады. Европалықтар болса олар заңменен сынап дискриминация ретінде заңмен тергеуші еді. Ал біздің ерекшелігіміз әліде өзімізді сынап және критикаға ұшыратып комплексқа айналдырып жүрміз. Біз Абайдың қара сөздерін дұрыс қабылдай алмай жүрміз.СССР кезінде орыстар бізге Абай атамызды не үшін қалдырды?! Осы Қара сөздері үшін, мүмкінде бір жердерінде өзгерткендері бар шығар... Бір Алла біледі. Қазақтар осы сөздерді дұрыс қабылдамай өздерің кемсітіп, мәнгүртке айналдырған. Ол үлкен Нквд ның саясаты болған. Сондықтан бізге қазір жаңа талдаушы керек. Керісінше қара сөздерін бізге жаңға баттырып Рухымызды көтеретіндей талдаушы керек.
Жумат Омирбаев
06.08.2020 07:26:24
Сөз жоқ Абай атамызға....... дәл айтқан
Gamer
09.01.2019 16:14:45
кермет
Сымбат Ынтыкбаева
21.01.2019 07:58:38
Билікте отырған кісілер Абайдың осы қара сөздерін жанында ұстап жүру керек , білу керек.
Bek Bek
18.10.2018 20:46:56
Абайдың ақлия сөздерінің аудиосын қайдан жүктеп алуға болады ?
Нұр Нұр
13.06.2017 18:00:12
еу найман сен ұлт емесін
577 456
29.11.2018 14:45:46
Тура казирги кездеги жагдаи тоиымсыздар
Канат Алтынгалиев
28.10.2019 13:56:09
Керемет Ақыл
Гульнар Сарсаканова
01.09.2020 06:55:36
????????????????????
Еще по теме
© 2019video.ru